Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек ұжымы елдегі өзгеріске қолдау білдірді

Еңбек ұжымы елдегі өзгеріске қолдау білдірді

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Қазалы ауданындағы сапары барысында ЖК «Игіліков» балық зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Жалпыхалықтық референумды қолдауға арналған кездесуде штаб мүшесі Ғалым Махмұтбайұлы ең алдымен балық зауытының жұмысымен танысып, мұнан соң жұмысшыларға Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен әңгімелеп берді.
«Елдегі саяси маңызы бар кезеңге, яғни референдумның өтуіне санаулы күндер қалды. Дегенмен қазір халықтың, әрбір дауыс беруші азаматтың бұл оқиғаның негізгі мәнін терең түсінуі маңызды болып отыр. Осы мақсатта біз бірнеше кездесу өткізіп, халықпен, өздеріңіздей еңбек ұжымдарымен пікір алысып жүрміз. Байқағанымыз, халық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Екінші Республика құру жөніндегі мақсатын, бүкіл халықтың мемлекетті басқаруға тікелей қатысуы үшін нақты тетіктерге қадам жасап жатқанын түсініп, оң пікір білдіруде. Сіздердің тараптарыңыздан да үлкен қолдау болады деп сенемін. Баршаңызды елдің болшағы үшін жасалып жатқан өзгерістерге дауыс беруге шақырамын»,-деді Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев.

Сондай-ақ кездесуде сөз алған аудандық штаб мүшесі, ЖК «Игіліков» балық зауытының директоры Төребек Игіліков Президент реформаларының маңызды тұстарын айтып, ұжым болып референдумға атсалысатынын айтты.
Кездесуге облыстық штаб мүшесі Марат Аралбаев, аудандық штаб төрағасы Нұрғиса Жалғасбаевтар да қатысып, ұжым мүшелерін Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалауға шақырды.
31 мамыр 2022 ж. 611 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930