Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустан әлемде өткен аптада 9000 өлім тіркелді

Коронавирустан әлемде өткен аптада 9000 өлім тіркелді

Кейінгі аптада әлемде коронавирус инфекциясынан өлім саны 11%-ға азайды. Өткен аптада 9 мың өлім тіркелген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
«Коронавирустың «Омикрон» нұсқасы және басқа да түрлері көбінесе жеңіл не орташа формада өтеді. Сондықтан, көп жағдайда коронавирус пен тұмауды шатастырып, ПТР тестілеуге жүгінбейді. Осыған байланысты аурудың объективті жағдайын ауруханаға жатқызылған науқастар мен өлім көрсеткіштері негізінде ғана бағалауға болады. Өткен аптада әлем бойынша коронавирустан 9000 өлім тіркелді, ал соңғы 7 күнде бұл көрсеткіш 11%-ға төмендеді», - делінген ВАК хабарламасында. Бұған дейін хабарланғанындай, пандемия басталғалы бері әлемде аталған індеттен 6,2 млн адам қайтыс болды.


27 мамыр 2022 ж. 427 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031