Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зираттағы зар

Зираттағы зар

Тылсым жағдайды әлемнің әрбір тұрғыны бастан кешкені айқын. Алайда әлем ғалымдарының ойын сан саққа жіберер бұл құбылыстың бүгінгі күнге дейін сыры ашылмаған. Осындай келеңсіз жағдайды бастан кешсек не істеу қажет? Ендеше осыдан бірнеше жыл бұрын, белгісіз бір ауылда орын алған оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз.
Таңғы ұйқымнан әлі ояна алмай, мең-зең күйде жатқанмын. Сыртқы есіктің сарт-сұрт асығыс жабылғанынан секем алып, атып тұрдым. Сөйтсем, анам екен. Түрі боп-боз, әкемнің қолынан қатты қысып ұстап алған, жіберер емес.
«Қорқып кеттім» деген сөзді сан қайталап айта береді, көздері мөлтілдеген жасқа толы. Дауысы дірілдей: «Зират басына барып едім, қатты шошынып қалдым. «О-о, Алла-ай» деген зарлы дауыс құлағыма ап-анық естілді» – деді.
Менің сансыз сұрағыма әкем: «Зират басында рулас ағайдың қабіріне топырақ салмақ болып, алға кеткен, баж етіп кейін қашты» – деп жауап берді.
Кейін ұққаным ағайдың қабірінің алдында үлкен жеңгесінің де қабірі болатын, соның қасынан байқамай өтіп бара жатқанда, «Ой, Алла-ай!» деген күңіренген дауыс зиратты басына көтерген және белгісіз бір күш еріксіз өз жағына қаратқысы келіп тартқандай болыпты. Шошынған анам алды-артына қарамастан қаша жөнелген екен.
«Үстіме бейне бір салқын су құйып жібергендей болды. Тұла бойымды игере алмай, басқан аяғым кейін кетіп, үйге әкеңе сүйеніп әзер жеттім. Құлағымда күңіренген дауыс әлі тұр, – деді өз-өзіне келе алмай отырған анам. Содан әкем: «Бұлай болғаны жарамас-ты. Қатты шошынсаң, «қорықтық» құйдырғанымыз жөн болар» – деді. Мен де әкемді құптадым.
Ауылда Разия есімді емші апай бар болатын. Бірнеше жылдан бері көрші тұрамыз. Сынық сипап, қазақы ем-дом жасайтын қасиеті болатын. Сол кісіні шақыртып, «қорықтық» құйғызған едік.
«Қорықтықты» қорғасыннан құяды екен. Қорғасынды ерітіп, анамды құбылаға қарата отырғызып, құйған, қорғасын кенет өзінен-өзі бірігіп, суретке айналды. Онда зират басындағы ай белгісі мен жүрек бейнесі шықты. Жүректе аздап тыртық салынған. Бұдан бұрын мұндай нәрсені көрмеген мен аң-таң күйде сілейіп қатып қалыппын.
– Қорғасын белгіні орамалға орап, кейін ағын суға ағызарсың, қашан қорқынышың басылғанша жастығыңның астына қойып жат, – деді емші.
Осыдан кейін анам өзіне-өзі келіп, үй шаруасына араласып кетті. Бұл күнде бұл оқиға ұмыт болды, бірақ менің ойым сан-сақта. Дүниеде бізге белгісіз тылсым бір күштің бар болғаны ғой, сонда...

Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА
24 мамыр 2022 ж. 847 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031