Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Парыз-2022» республикалық байқауы бастау алды

«Парыз-2022» республикалық байқауы бастау алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқау халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.  Байқау екі кезеңнен (өңірлік және республикалық) тұрады. 
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым («Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Үздік ұжымдық шарт») бойынша өзара үздікті анықтайды. 
Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.    
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпкерлерді «Парыз» байқауына қатысуға шақырады.
Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына немесе Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, сондай-ақ ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік басқармасына 8 (7172) 74-35-11 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
#«Парыз» байқауы #Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын
16 мамыр 2022 ж. 671 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 576

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 022

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031