Қазақстандықтар үш тонна алтын құймасын сатып алған

2022 жылдың наурыз айында Қазақстанда жалпы салмағы 167,2 келі болатын 8,3 мың алтын құймасы сатып алынған. 2021 жылы жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 32,3 мың құйма сатып алынды. 2017-2021 жылдар аралығындағы жалпы жылдық өсу қарқыны 69% құраған. Өлшеулі құймалар нарығы Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып отыр. Бұл ретте құймалардың ең көп саны Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сатылды.
Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық бес түрде ұсынылған. Сатып алушылар арасында ең танымалы – салмағы 10 грамм болатын құйма.
Ұлттық банк 2017 жылдан бастап халыққа сертификатталған тазартылған алтын құймаларын сатумен айналысып жатыр. Мақсат – қазақстандықтарды қаражатты сақтап қалудың және ақша жинаудың қосымша инвестициялық құралымен қамтамасыз ету.
«Тарихи тұрғыдан алғанда, алтын стратегиялық актив ретінде қарастырылады, бұл әсіресе дағдарыс кезінде айрықша байқалады. Алтынға инвестиция салу инфляциядан қорғап қана қоймай, капиталды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, 2016 жылдың басынан 2022 жылдың 4 мамырына дейін алтынның бағасы бір унция үшін 1000 доллардан 1900 долларға дейін айтарлықтай, яғни 76,4%-ға көтерілді» деп жазады басылым.
Алтынға инвестиция салудың тиімділігі:
- жоғары өтімділігі;
- ұзақ мерзімді салым;
- инфляция мен экономикалық дағдарыстан қорғайды;
- клиентке ақшаны «сол күні» төлей отырып, сатып алу мүмкіндігі бар (қорғаныс қаптамасы бүтін қалпында). Қазақстанда жалпы салмағы 303,3 килограмды құрайтын 12,37 мың өлшеулі құйма сатып алу қабылданды, бұл елдегі жалпы өлшеулі құйма сатылымының 14%-ын құрайды.
Қазіргі уақытта алтын құймаларын Halyk Bank-те, Еуразиялық банкте, Jusan Bank-те, ЦентрКредит банкінде, сондай-ақ кейбір банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.