Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар маусымда 3 мыңнан аса алтын құйма сатып алған

Қазақстандықтар маусымда 3 мыңнан аса алтын құйма сатып алған

Маусымда қазақстандықтар жалпы салмағы 124,2 келі 3188 құйма сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлтық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тазартылған алтын құймаларды сату жөніндегі бағдарламаны Ұлттық банк 2017 жылы іске қосты. Содан бері Қазақстан тұрғындары салмағы 2,1 тонна болатын 58 мыңға жуық алтын құйманы сатып алған.

Сатылымға 5-тен 100 граммға дейінгі құймалар шығарылған. Оның ішінде 10 грамм құйма жиі сатып алынады. Оның үлесі - сатылған құймалардың 30 пайызы немесе 17 мың дана. Екінші орында 100 граммдық құймалар (12 мың дана). Алтын құймаларды Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары сатып алған.

Ұлттық банктен алтын құймаларды сатып алғаннан кейін кез келген уақытта банктерге және ақша айырбастау пунктеріне сатуға болады. Ақша сол күні қолма-қол берілуі керек. Әрбір құйма қорғаныш элемент (микрожазба және бедерлі қыр) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы орамда шығарылады.

Бұған дейін бірінші тоқсанда еліміздің алтын-валюта қорында 396 тонна алтын бары хабарланған болатын.
21 шілде 2021 ж. 682 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031