Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Жаңа Қазақстан – бұл әділетті Қазақстан

Президент: Жаңа Қазақстан – бұл әділетті Қазақстан

Жаңа Қазақстан – бұл шындығында әділетті Қазақстан. Бұл туралы AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біздің азаматтарымыз «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сұрақты өте жиі қояды. Меніңше, бұл сауалға қысқа әрі толыққанды жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан – бұл шындығында әділетті Қазақстан. Келісетін шығарсыздар, азаматтарымызға әлеуметтік әділеттілік жетісе бермейді», – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы қарапайым адамдардың мүдделерін елемеу жаппай орын алып отырғандығын баса айтты. Өкінішке қарай, сорақы әділетсіздік мемлекеттік аппарат өкілдері тарапынан орын алатындығына қынжылыс білдірді.

«Осыдан азаматтардың билік институттарына тұрақты сенімсіздігі қалыптасып отыр. Сондықтан AMANAT партиясының алдында осынау барынша қолайсыз ахуалды түзету сынды ауыр міндет тұр. Сіздер халық өкілдерімен алдыңғы шепте жүруге, азаматтық қоғам мен билік арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді арнасына айналуға тиіссіздер», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
26 сәуір 2022 ж. 934 0

1 сәуірге валюта бағамы

01 сәуір 2026 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930