Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікті қолдауға қатысты жаңа шаралар бекітті

Кәсіпкерлікті қолдауға қатысты жаңа шаралар бекітті

Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы жаңа шараларды енгізу мүмкіндігін қарастырды. «Премьер-министр Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шараларға арналған кеңес өткізді. Отырыс барысында үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін жіті қадағалап отырғаны айтылды», – делінген хабарламада.
Отандық компаниялардың дамуын ынталандыру және әкімшілік жүктемені азайту үшін бірқатар жаңа қолдау шараларын енгізу ұсынылады. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға тап болған компанияларды жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін әзірлеу ұсынылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында сақтандыру сыйлықақыларына мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайту ұсынылады.
Сонымен қатар отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беруді кеңейту ұсынысы қолдау тапты. Премьер-министр айтылған және басқа да ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды баса айтылды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
23 сәуір 2022 ж. 539 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031