Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сейсенбі күні ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Сейсенбі күні ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Синоптиктер 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР-ның басым бөлігінде көбінесе жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады. Тек республиканың батыс аудандарында жауын-шашынсыз ауа-райы болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде жел 18 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Ақмола, Қостанай облыстарының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 17-22 м/с, Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 25 м/с күшейеді.
19 сәуір 2022 ж. 440 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930