Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрекетке – берекет

Әрекетке – берекет

Өткен жылдың қыркүйек айында «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар байқауын жариялады. Байқаудың мақсаты – әлеуметтік мәселелерді шешуде жаңа инновациялық тәсілдерді, жаңа жұмыс орындарын құру және ел экономикасын нығайту үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы үкіметтік емес секторға жәрдемдесу болып табылады.
Байқауға үміткерлердің екі санаты қатысты: Бірінші санат – «ӘРЕКЕТ» жобасы шеңберінде бұрын грант алмаған коммерциялық емес ұйымдар, екінші санат 2018-2019 жылдары «ӘРЕКЕТ» жобасы шеңберінде грант алған коммерциялық емес ұйымдар.
«Шапағат» орталығы «ӘРЕКЕТ» жобасы шеңберінде ұзақтығы 6 апталық онлайн оқыту бағдарламасына қатысып, қаржы-маркетинг, сатуды ұйымдастыру саласы бойынша білім алды, сонымен қатар сабақ барысында клиенттерді/тұтынушыларды тарту арнасын іздеудің, келіссөздер жүргізудің үздік нарықтық тәжірибелерін үйренді. Жоба соңында орталықтың 2 маманы сертификатқа ие болды.
Орталық ұсынған әлеуметтік жоба мақсаты – орталықта тәрбиеленген, қаіргі таңда отбасын құрған 3 мүгедек жас отбасы мүшелерін тұрақты жұмыспен қамтитын өндіріс орнын (жартылай дайын өнім және кондитерлік өнім) ашу.
Қазіргі таңда цех өз жұмысын бастап кетті. Цехтан жартылай дайын өнім, піскен өнім, тәттілер шығарылуда.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
09 сәуір 2022 ж. 1 421 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031