Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім гранттары бойынша ауыл квотасы 5 пайызға артады

Білім гранттары бойынша ауыл квотасы 5 пайызға артады

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мемлекеттік білім беру гранттары бойынша ауыл квотасының 35 пайызға көбейтілетінін мәлімдеді. Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мемлекеттік білім беру гранттары бойынша ауыл квотасының 35 пайызға көбейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv Stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Биыл біз ауыл квотасын 35 пайызға дейін арттырамыз. Осылайша квота тағы 5 процентке өседі. Үкіметке тиісті ұсыныс енгізілді", – деді Ерғалиев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл квотасы көп жағдайда игерілмей жатады. Оны жыл сайынғы статистика да растап отыр. Себебі мектеп түлектері ондай мамандықтарға құжат тапсырмайды.
"Гранттар жетіспей жатқан жоқ, мемлекеттік тапсырыс жетеді. Мәселе мынада, жастар ауылдағы мамандықтарға бармайды. Себебі жалақысы аз, мәртебесі төмен, әлеуметтік пакеті де мардымсыз. Бұл – кешенді проблема. Мысалы, былтыр 21 процент грант игерілмей қалды", – деп атап өтті Ерғалиев.
Ал мәжіліс депутаты Павел Казанцевтың ойынша, бүгінде қала балалары ауыл квотасын өз пайдасына іске асырып жатады.
"Әріптестерімнің айтуына қарағанда, сол 30 пайыздық квотаға қала балалары да кіріп кетеді. Оқу соңында ауылға үш айға барады да, квотасын алғаннан кейін кетіп қалады, ветеринарияда қалмайды", – деді спикердің орынбасары.
Айта кетсек, ауыл квотасының нақты мамандықтары бар. Оны үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай анықтайды. Ал конкурс кезінде гранттардың 30 пайызы тек ауыл балаларына ғана бөлінеді. Биылдан бастап оның көлемі 35 пайызға дейін артады.
04 сәуір 2022 ж. 295 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031