Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар медициналық көмекпен қамтылады

Тұрғындар медициналық көмекпен қамтылады

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округінде 2 мыңнан астам адам тұрады. Тірек елді мекенде тұрғындардың басым бөлігі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысады. Қыс мезгілінде ақжарлықтар тұрақты табыссыз қалады. Соның салдарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін үнемі төлем жасалмайды. Бұл туралы ауылдық округ әкімі Нұржамал Тұрсынбаева хабарлады.
2020 жылдан бастап, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толық енгізілгеннен кейін азаматтардың сақтандырылуын өзектендіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде, деді Нұржамал Бектайқызы. Облыс әкімінің МӘМС мәселелері жөніндегі өңірлік штабтағы тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарын медициналық сақтандырумен толық қамту мәселесі тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда, ауылдағы сақтандырылмаған тұрғындардың саны 157 адамды құрап отыр. Әкімдік пен медицина қызметкерлері үй-үйді аралау әдісімен МӘМС жүйесінің артықшылықтарын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС медициналық пакеттері жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты өткзіуде.
«Ауылдық елді мекендерде маусымдық жұмысшылар аз емес, қыс мезгілінде олар тұрақты табыссыз қалады. Сондықтан біз оларға ай сайын бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді ұсынамыз. Биыл ауыл тұрғындары үшін БЖТ сомасы 1 531,5 теңгені құрайды. Біздің басты міндетіміз – барлық ауыл тұрғындарын толық медициналық көмекпен қамту», - деп атап өтті Ақжар ауылының әкімі Нұржамал Тұрсынбаева.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
15 наурыз 2022 ж. 488 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 19

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 17

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 19

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031