Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еркетайдың еркелері – елдің ертеңі

Еркетайдың еркелері – елдің ертеңі

«Еркетай» шағын орталығында тәрбиеші Мейрамкүл Надирбекованың ұйымдастыруымен «Көңілді мәрелер» атты эстафеталық сайыс өтті. Жарыс барысында бүлдіршіндер екі топқа бөлініп, доппен секірді, самокат арқылы кедергілерден өтті. Доптың көмегімен кеглилерді құлатты, қаппен секірді. Бойларының аласа, жастарының кішілігіне қарамастан кедергілерге қарсы тұрып, шапшаңдық таныта білді.
Нәтижесінде «Қырандар» тобы «Сұңқарларға» есе жіберді. Дегенмен балалардың жүздерінде күлкі ойнап, барлығы дерлік жеңіске лайық екендіктерін дәлелдеді.
Ата-ана үшін балалардың денінің саулығымен қатар білімді, зерек, батыл, өжет болып өсуі де маңызды. Осы орайда, балапандардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін тынбай еңбектеніп жүрген тәрбиешімізге алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тілейміз. Еркетайдың бүгінгі еркелері – келешек елдің ертеңі екендігіне сенім білдіреміз.

Мейрамкүл ӨТЕПБЕРГЕНОВА
10 наурыз 2022 ж. 324 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031