Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақтандыру қоры «Жасырын пациент» акциясын биыл да жалғастырды

Сақтандыру қоры «Жасырын пациент» акциясын биыл да жалғастырды

Медициналық ұйымдарда халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы жылы «Жасырын пациент» акциясын жалғастырды.
Акция шеңберінде Қор қызметкерлері медициналық ұйымдарға «жасырын» қоңырау шалу арқылы тіркеу мамандары мен медицина қызметкерлерінің медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС пен ТМККК кіретін медициналық қызметтер, медициналық көмек көрсету стандарттары, сондай-ақ пациенттердің сақтандырылу мәртебесі мәселелері туралы біліміне мониторинг жүргізді.
«2021 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша Қызылорда облысының медицина қызметкерлерінің білім көрсеткіші 70% – ды құрады. Рейтингте 17 өңір арасында 12-орында тұр», – деп хабарлады ӘМСҚ филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Қор филиалының басшысы атап өткендей, алынған нәтижелер медицина қызметкерлерінің білімін күшейту және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Мониторинг қандай да бір жазалау шараларын көздемейді, бірақ Қор сарапшылары медицина қызметкерлерін атаулы оқытуы үшін негіз болады және пациенттерге қажетті медициналық қызмет алудан заңсыз бас тарту санын азайтуға, медициналық ұйымдарда сервисті арттыруға, пациенттерді құзыретті консультациялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
09 наурыз 2022 ж. 410 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930