Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «102» қосымшасына 128 мыңға жуық хабарлама келіп түскен

«102» қосымшасына 128 мыңға жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
Қазіргі таңда «102» қосымшасын жүктеу саны 53 мыңнан астам (PlayMarket – 39,2 AppleStore – 14,1 мың).Қосымша жұмыс істей бастағаннан бері 128 мыңға жуық хабарлама келіп түсті, оның ішінде 80,5 мың аудио/бейне қоңырау, 16,8 мың мәтіндік хабарлама, 30,4 мың өтініш түрлі мессенджерлерден келіп түсті, - деді ол.
Сәрсеновтың айтуынша, қосымша арқылы полицияның кейбір сервистері және анағұрлым сұранысқа ие мәселелер бойынша анықтамалық ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейтілді.
Сонымен қатар VIN нөмірін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін енгізу арқылы көлік құралының тарихы туралы ақпарат алу сервисі іске қосылды. Функционал іске қосылған сәттен бастап азаматтардан 5 мыңдай сұрау салу келіп түсті және өңделді.Шынында да, өткен жылдан бастап біз қоғамдық орындарда "SOS түймесі" дабыл жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.Олар жедел басқару орталықтарына немесе құрылғылардың орналасқан жері бойынша кезекші бөлімге қосылады, бұл өз кезегінде оқиға орнынан жедел аудио-бейне байланыс арқылы азаматтардан ақпарат алуға мүмкіндік береді, - деді ол.
baq.kz
28 ақпан 2022 ж. 487 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 206

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930