Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтар төлем бойынша 330 мыңнан астам сұраққа жауап алды

Азаматтар төлем бойынша 330 мыңнан астам сұраққа жауап алды

13 мамырдағы жағдай бойынша 42 500 теңге көлеміндегі төлемге 696,4 мың өтініш келіп түскен.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) және оның ведмстволық бағынысты ұйымдары төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде төлем тағайындауға қатысты азаматтардың 338 мың өтінішіне түсіндірме жасады.
Ағымдағы жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша халықпен байланыстың барлық арнасы арқылы Еңбекминіне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына азаматтардан "42 500 теңге" тағайындауға және төлеуге қатысты 696,4 мың өтініш келіп түсті. Осылайша, 42500@enbek.kz электрондық адресіне 571,1 мың өтініш түсті. Оның ішінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметкерлері 241,6 мың өтінішке жауап берді. 42500@gfss.kz электрондық адресіне 108 мың өтініш түсті. Оның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері 76,4 мың өтінішке жауап берді, - делінген ведомство хабарламасында.
Басқа байланыс арналары арқылы МӘСҚ-қа 7,1 мың өтініш келіп түсті, оның ішінде 6,3 мыңына жауаптар берілді.
Еңбекминіне, оның ішінде министрдің блогына, Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарына 10,1 мың өтініш келіп түсті, оның 7,1 мыңына жауап берілді.
Сонымен қатар, Еңбекминінің қызметкерлері коронавирус бойынша өтініштерді қабылдау орталығына келіп түскен 6,6 мың өтінішке жауап берді.
Сондай-ақ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның "1411" әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығында 1-13 мамыр аралығында "42 500 теңге" төлеу мәселелері бойынша азаматтардың 58,1 мың өтінішіне түсініктеме берілді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
baq.kz

14 мамыр 2020 ж. 757 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031