Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегінен бақыт тапқан

Еңбегінен бақыт тапқан

Қазір кәсіпкерлікке кең өріс ашылған. Осыны ескерген аудан азаматтарының кейбірі мемлекеттің қолдауымен шаруасын тіктеуде.
Осындай әрбір еңбекке құштар жанның қызметі – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, атқарылған жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес кәсіптің қоғамға берері көп. Бірақ әр уақытта кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетініне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қаупі бар. Сондықтан қазалылықтар бар жиған-тергені мен басындағы баспанасын кепілге қойып, мемлекеттің демеуімен берілген несиені алуға тырысады.
Ұзақ мерзімдік “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының үш бағыты бойынша бүгінгі күнге дейін біршама жұмыстар атқарылды. Бұл жобаның мақсаты айқын еді. Негізгі діттегені – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Алғашқы бағыт бойынша қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік даярлау курсымен 30 адам 3 айға оқумен қамтамасыз етілді. Солардың 23-і жұмысқа орналасса, 5-еуі қайтарымсыз грантпен кәсіп ашты.
Жобаның келесі бағытында “Жаппай кәсіпкерлікті дамытуда” өткен жылы 85 өтініш берушіге қаражат беру көзделген. Бұл күні 121 адамға 455,5 миллион теңге қаржы таратылған. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік стартап алуға 661 қазалылыққа 583400 теңгеден ақша қаралды. Осы күні олар өтеусіз гранттың арқасында жеке істерін дөңгелетуде.
Бағдарламаның үшінші бағытымен “Халық­ты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту” бойынша былтыр әлеуметтік жұмыс орнына 55 адам жіберілді. Осындай тиімді жобалардың игілігін көріп жүргендердің қатарында Ғабит Төремұратұлы да бар. Ол 5 жылдық мерзімге 2,7 миллион теңге “Ауылды қаржылай қолдау қорынан” алған болатын. Оған көпбалалы отбасы ретінде қор тарапынан жеңілдік қарастырылған. Соның ықпалымен қазір 4 процентпен мемлекеттен алған несиені уақытылы өтеп отыр. Қолға тиген қаражатқа Ғабит Қаражан ауласынан “Техникалық жөндеу орталығын” іске қосты. Қомақты ақшаға игілікті кәсібіне қажетті – автокөлікке арналған “Осциллограф” аппараты мен сканер жасайтын жабдыққа қол жеткізді. Қазір “Қаражан Ғабит” ЖК атауымен әртүрлі жағдайдағы көліктердің ақауын жөндейтін кәсібін қызу жүргізіп отыр. Кәсіпкердің сөзінше, күніге кем дегенде 3, кей кезде 5 көліктен құрастырады. Аса қымбат емес, шыққан шығын мен жұмыс көлеміне қарай құнын қояды.
– Қандай жағдай болмасын жұмыспен айналысқанымда шүкірлік айтудан жалыққан емеспін. Бала кезден ауыр істен бас тартпайтынмын. Әке, аға-бауырларымның барлығы көлікті тізгіндеген нағыз мамандар. Солардың жанында жүріп мен де машина айдауға құмарттым. Бұл кезге дейін түрлі мекемеде көлік жүргізіп, маршрутта болдым, такси қызметімен айналысып, халықты діттеген жеріне тасыдым. Қай жерде еңбектенсем де, барлығы алғаусыз алғыстарын білдіретін. Осылайша жеке кәсіппен айналысуға бел будым. Мемлекеттің қолдауына разымын. Сондықтан мұндай мүмкіндікті оңтайлы қолданған дұрыс деп санаймын, – дейді іскер азамат.
Еңбекқор жан “Бизнес бастау” оқу курсы бойынша білімін 1 айда жетілдіреді. Онда ол істі дамыту жолында әлеуметтік желіні қолдану әдісі мен салықты жүргізу және құжаттарды сауатты дайындау ақпаратына қанықты. Мұндай ілімнің арқасында алдағы уақытта 1 адамды жұмыспен қамтуды ойластырып жүр. Сонымен бірге ісі оңға басып, Ғабиттің алтын қолына жүгінушілер қатары көбейгенде бұдан да үлкен орталық жасауды көздеп отыр.
Бүгінде Ғабит жан жары Ақсәулемен бірге – Ақбота, Еркін, Аяжан, Әсемай, Айзере және Ерхан есімді ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
26 ақпан 2022 ж. 469 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031