Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәрсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Сәрсенбі күні елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауып, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел болжанады.
Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шығыс жартысында бұрқасын болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең солтүстігінде және өңірдің таулы аудандарында тұман болады.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүріп, желдің күші 15-20 м/с артады. Өңірдің батысы мен оңтүстік-батысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысында, орталығында солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман болжанады.
23 ақпан 2022 ж. 363 0

Елдік – ерге ұран

09 мамыр 2024 ж. 47

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 99

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 114

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031