Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 100 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

100 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 9 азамат жұқтырды. Оның жетеуі коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған. Эпидкөрсеткіштер бойынша 5 адам, профилактикалық мақсатта 4 адам ПТР тестілеуен өту кезінде анықталған. Ал, 19 адам вирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болғандар ретінде медициналық бақылауға алынды деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
Бүгінгі күні белсенді ошақтар саны – 807, ал ұйымдасқан ұжымдардағы ошақ саны 42-ті құрайды.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясын ПТР әдісімен анықтау бойынша облыс көлемінде 12 зертхана жұмыс жасайды. Барлық зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 3620 анализді құрап отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетовтың айтуынша, облыста вакцинацияның І – компонентімен 422 189 адам егілді, халықтың қамтылуы 93,3 пайызды құрады. Екінші компонентпен – 409 864 адам алды.
«Pfizer» вакцинасымен 38 746 адам оның ішінде 34 102 жасөспірім, 1908 жүкті әйел, 3530 емізулі ана қамтылды. Сондай-ақ, бүгінде 90 488 өңір халқы ревакцинациядан өтіп отыр.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
22 ақпан 2022 ж. 407 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031