Қызылордада 22 қарашада ревакцинациялау науқаны басталады

«Облыс көлемінде ауруға шалдыққандардың 70 пайызы клиникалық белгілерімен анықталған. Дегенмен, соңғы екі айда КВИ аурушаңдық деңгейі төмендеп келеді. Атап айтқанда, қыркүйек айында 1 125 жағдай анықталса, қазан айында 949 жағдай, ал қараша айының 15 күнінде 319 дерек тіркелді. Айта кететін жәйт, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №49 қаулысына сәйкес, 22 қарашадан бастап КВИ-ге қарсы ревакцинациялау басталады. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері және 60 жастан асқан адамдар ревакцинациялаудан өтетін болады», – деді Әлия Мүтәліпқызы.