Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыр жинағы жарық көрді

Жыр жинағы жарық көрді

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Мезгіл әуендері» жыр жинағының тұсаукесері өтті. Кітап ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту ретінде құрастырылған.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жинақ авторлары мен баспа ұжымы, студенттер және мектеп оқушылары қатысты.
Кітапты «Molia&DOS» ЖШС баспахана кешені құрастырған. Авторлары еліміздің әр саласында еңбек етіп, алды зейнетке шыққан кәсіп иелері.
Елге белгілі аға буын өкілдері Қызжібек Жарқынбаева, Әбдіғали Асанғожаұлы, Лұқпан Бегәлітегі, Ерған Мұхамедиұлы және орта буын өкілдері Әнуарбек Әуелбек, Ерсайын Жапақ, Айсұлу Рүстемова, Жәния Ералиева, Айжан Имантаева, Әуелбек Искаков, Еркін Нұрбай, Бақытгүл Мадиярова, Мағираш Тұрсынова, Әбдібек Әбдіманапұлы, Шаяхмет Қали, Бауыржан Шормақұлы, Бақыт Мерғазыұлы, Бекқожа Жылқыбекұлының өлеңдері жыр жинағына енген.
Сондай-ақ, жинақта қазақтың қара өлеңі де, модернистік поэзия да ақындардың көркемдік, стильдік шешімдеріне орай көрініс тапқан.
Тұсаукесер соңында қатысушылар мен Алматы қаласындағы орталықтандырылған 30 кітапхана ұжымы мен оқырмандарға кітап табыс етілді.
21 ақпан 2022 ж. 430 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031