Соңғы аптада елде 68 келі алтын сатылған
Өткен айда ішкі нарықта 68 келіден аса алтын сатылған. Бұл 1771 құймаға тең. Қазір ел ішінде алтын ең тиімді инвестиция көзі болып тұр. Саудаға оның 5, 10, 20, 50 және 100 грамдығы шығарылады. Соның ішінде бағалы металдың 10 грамдығына сұраныс жоғары.
Айта кетейік, алтынды сату-сатып алу бағдарламасы 2017 жылы іске қосылды. Оны екінші деңгейлі банктер мен банктік емес арнаулы ұйымдар іске асырады. Ұлттық банктің дерегінше, осы аралықта жиыны 3 тоннаға жуық алтын сатылған. Ал халықтан кері сатып алынған алтын көлемі жалпы сатылымның 15 процентіне жуықтайды. Диқаншылар қауымына берілетін субсидия биыл 140 млрд теңге жетуі мүмкін Үкімет бюджетті нақтылау кезінде осы мәселені қарамақ. Бұдан бөлек форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландыру екі есе ұлғаяды. Ал шаруалар әрбір тиынның тиімді жұмсалғаны жөнінде есеп беруге міндеттеледі. Қазақстан Астық одағының ресми өкілі Евгений Карабановтың айтуынша, басты мәселе осы қомақты қаржыға қол жеткізу болып тұр. Себебі бұған дейін субсидия тек әрбір төртінші кәсіпкерге ғана беріліп келген. Көбі құжат рәсімдеу кезінде кедергілерге тап болады. Сондықтан демеуқаржыны алу тәртібін жеңілдеткен дұрыс дейді. Сарапшының пайымынша, субсидия көлемін арттырмаса, алдағы егін науқаны ойдағыдай өтеді деу қиын. Себебі тыңайтқыштан бастап, жанар-жағармай, жиын-терімге қажет бөлшектердің барлығының дерлік бағасы шарықтап кетті. Мүның үстіне биыл тұқымның бір тоннасы екі жүз мыңға дейін қымбаттайтыны айтылып жүр. Қазақстандықтар оффшорға ақша аударуды жиілетті Сонымен бірге қазақстандықтар оффшорға ақша аударуды жиілетті. Әсіресе Сейшел мен Кайман аралдарына асқан қаржы көлемі еселенген. Нарық.кз басылымының дерегіне сүйенсек, былтыр қазақстандықтардың шетелге құйған қаржысы 1 жарым млрд АҚШ долларына жетті. Өсім 35,8 процент. Инвестицияның басым бөлігі қаржы және сақтандыру қызметіне салынған. Сондай-ақ кәсіби және ғылым техникалық саланы дамытуға да қомақты сома бағытталған. Былтыр тоғыз айда ең көп қаржы Кайман аралдарына жіберілген. Жыл ішінде аударылған ақша көлемі 3 есе артып, 637 млн доллардан асты.