Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әулие Валентин” әлегі

Әулие Валентин” әлегі

«Әулие Валентин күні» жақындағанда, базар сөрелерінде түрлі-түсті қағаздан жасалған жүрекшелер мен ленталар, қос ғашықтың суреті бейнеленген қызылды-жасылды бұйымдар жайнап тұрады. Бағалары да әртүрлі. Мәселен, ең кішкентай ашық хаттардың «валентинкалардың» құны елу теңгеден басталып, 500 теңге болады. Орталық базар сатушысының бірімен тілдескенімізде, мұндай бұйымдар, негізінен, көрші елдерден әкелінетінін, студенттер мен оқушылар тарапынан сұраныстың жоғары екенін айтады.
– Мен тойлар мен Наурыз, Жаңа жыл секілді мерекелерге арналған құттықтау қағаздарын сатамын. Ал «Әулие Валентин күніне» арналған бұйымдарды ақпан айына қарай әкелемін. Тауарлар 12-13 ақпан күндері өтімді, – дейді Абылай есімді сатушы.
Осы мереке әлі де жоғары деңгейде аталып өтілгендіктен, кейбіреулер мұны табыстың көзіне айналдыруда. Көрші Ресейде халықтың 80 проценті осы күнді атаусыз қалдырмайды және оның 64 проценті сыйлық алады екен. Бұл орайда біз де Әулие Валентинге табынушылардың ресейліктерден кем түспей отырғанымыз хақ.

Әулие Валентин кім болған?
Әулие Валентинге қатысты бірқатар аңыз бар. Солардың бірінде, христиан діні алғаш тараған жылдарда Валентин есімді католик шіркеуінің қызметкері болғаны туралы айтылады. Ол Рим императоры Клавдий II тұсында өмір сүрген. Сол уақытта жас жігіттер әскерге бармау үшін ерте үйленетін болыпты. Бұндай қулықтың алдын алу үшін «Клавдий II» олардың әскерге бармай тұрып үйленуіне тыйым салады. Ал Валентин пірадар болса, оларды құпия түрде некелестіріп отырған. Оның әрекеті әшкереленіп, 14 ақпан күні басы шабылады. Кейінірек 469 жылы Римнің ­Геласиус деген императоры бұл күнді «Әулие ­Валентин күні» деп жариялаған. Тағы бір аңызда Валентиннің дін қызметкері екені, христиандарға көмектескені үшін түрмеге қамалғаны, оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, осы ісі әшкере болып басының кесілгені жөнінде айтылса, енді бірінде Валентин шіркеу қызметшісі болғандықтан, қызға сезімін білдіре алмай, оған жүрек тәрізді хаттар жолдайтыны баяндалған. Кейін оның ісі әшкерленіп, жазаға тартылады. «Әулие Валентин күнін» Батыс ­Еуропа елдері ХІІІ ғасырдан бастаса, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде.
Ресейде бұл мереке тоқсаныншы жылдардан бастап, біздің елімізде де осы «Әулие Валентин күнін» атап өту дәстүрге айналды. Аталған мерекенің шығу тарихынан жастардың көпшілігі бейхабар. Тіпті католик шіркеу қызметшісінің атымен аталып кеткен бұл күнді қазір дәл сол шіркеу мойындамайтын көрінеді.

Жастар және «Валентин»
Әуелде «Әулие Валентин күні» мерекесінде жастар жиналып тойлаған. Мереке күні қыздар есімдері жазылған қағазды қораптың ішіне тастайды. Ал жігіттер одан бір қағазды таңдайды. Онда кімнің есімі жазылса, мереке күні сол серігіне айналатын көрінеді. Қазіргі таңда мерекенің рәсімі сәл өзгеріп, қорапшаға қыз да, жігіт те өзіне ұнаған адамға ғашықтық сезімін білдіріп хат жазады. Осыған қарап, кім кімге ұнағанын біледі. Кейбір жоғары оқу орындарында бұл рәсім әлі де бар.
Жалпы бұл күнді жастар не үшін тойлайды? Осы орайда бірқатар жастың пікірін білген едік. Бұл жөнінде Болашақ университетінің студенті Айжан Нағымет:
– Оқушы кезімізде Әулие Валентиннің кім екенін білмесек те, он төртінші ақпанды «Махаббат күні» ретінде қарсы алатын едік. Мектепте арнайы шара ұйымдастырылмайды. Бірақ өзіміз осы күні ұнаған адамымызға құттықтау хатын жолдап, тілегімізді білдіретінбіз. Ал есейе келе, мәнісін түсініп, мереке ретінде қабылдамайтын болдық. Себебі қазақ жастарының әулие тұтып жүргені жәй ғана шіркеу қызметкері, тіпті бұл біздің дінімізге таңсық адам. Өзім қатарлы жастарға осы күннің тарихын түсіндіруге тырысамын, – дейді.
Сондай-ақ Әйтеке би кенті тұрғыны Жандос Аманхан достарынан қалғысы келмей, мерекені атап өтетінін айтты.
– Өз басым Әулие Валентин күнін тойлауға қарсымын. Өзге елдің салтын насихаттап жүрміз. Есесіне Қыз Жібек пен Төлегеннің немесе Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін неге атап өтпеске?! Олардың арасындағы махаббат Валентиннің махаббатынан әлсіз деп ешкім айта алмайды, – дейді ол.
Бүгінгі жастардың көпшілігі осы күннің тарихын нақты білмейтіні белгілі. Сосын жеңіл сезімге бой алдырып, бір-біріне сыйлық ұсынып жатады.
Айтпақшы, 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні екенін бірі білсе, бірі білмейді.
Абзал ЖОЛТЕРЕК

15 ақпан 2022 ж. 1 316 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930