Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрдемақы 2022 жылы өсті ме?

Жәрдемақы 2022 жылы өсті ме?

2022 жылы АЕК-тің былтырғы 2 917 теңгеден 3 063 теңгеге немесе 146 теңгеге өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар мөлшері артқан.
Нәтижесінде, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақының мөлшері:
• 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға – 38 АЕК-ті (116 394 теңгені);
• 4-ші және одан да көп балаларға – 63 АЕК-ті (192 969 теңгені) құрайды Жұмыс істемейтін әйелдер (декреттік демалыс алған жұмыссыз ерлер) үшін 1 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының биылғы мөлшері:
• 1-ші балаға – 5,76 АЕК (17 643 теңге);
• 2-ші балаға – 6,81 АЕК (20 859 теңге);
• 3-ші балаға – 7,85 АЕК (24 045 теңге);
• 4-ші және одан көп балаға – 8,90 АЕК (27 261 теңге) болуға тиіс. Төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады:
• 4 балаға – 16,03 АЕК (49 100 теңге);
• 5 балаға – 20,04 АЕК (61 383 теңге);
• 6 балаға – 24,05 АЕК (73 665 теңге);
• 7 балаға – 28,06 АЕК (85 948 теңге);
• 8 және одан да көп балаға – 32,06 АЕК (98 200 теңге), оған қоса әрбір келесі балаға 4 АЕК-тен (12 252 теңгеден). Яғни, Қазақстанда көпбалалы болу тиімдірек. Ал саны 3-ке дейінгі баласы бар орташа отбасыларға бүгінде 17–24 мың теңгені қанағат қылуға тура келеді.
11 ақпан 2022 ж. 1 206 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 124

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930