Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «ОЛИМП» салық төлемей келіпті

«ОЛИМП» салық төлемей келіпті

Жыл басынан бері Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы негізінде 11 сот актісін қайта қарап, мемлекет пайдасына 2,6 млрд. теңге өндірілді, деп хабарлайды http://prokuror.gov.kz/.

Бұл мемлекеттік сатып алу, салық және т.б. дауларға қатысты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының соттары салық органы хабарламасының күшін заңсыз жойып, «OLIMPKZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС-ін 1,8 млрд. теңгеге ойын бизнесіне салық төлеуден босатқан.

Букмекерлік кеңсе ойыншылардан интернет ұтыстар қабылдайды. Ойыншы ұтылса, ол «Олимптің» кірісі және түскен қаражаттан ойын бизнесіне салық төленуі тиіс. Алайда, букмекерлік салықты төлемеген. Нәтижесінде мемлекетке 1,8 млрд. теңге мөлшерінде залал келтірді.

Бұл орайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық енгізді.

Жоғарғы Сот наразылықтың уәждерімен келісіп, 2018 жылдың 27 наурызында жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойды және «Олимптің» өтінішін қанағаттандырмады.

Сол күні букмекерлік кеңсе 1,8 млрд. теңге салық төледі.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Бас Прокурордың басқа да істер бойынша наразылығы негізінде 800 млн. теңге қосымша салық салуды заңды деп таныды. Өйткені салық төлеушілер тауарды белгілі бір тұлғалардан алғанын дәлелдей алмады.
05 сәуір 2018 ж. 2 677 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 30

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 24

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 37

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 38

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 39

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031