Tыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі тұтқындалды
Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі тұтқындалды деп хабарлайды el24.kz желілік порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді. "Бүгінгі күні қамауға алынғандар арасында тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі бар.
Мысалы, Алматыда деструктивті діни ағымның қылмыстық бағыттағы бір топ мүшесі ұсталды. Ұстау кезінде қолдануға дайын атыс қаруы табылды. Олар өз әрекеттерін жақсылап жоспарлаған. Бір бөлігі қаланың төменгі бөлігіндегі баррикадаларда, ал екіншісі алаңда болған", - деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Дереккөз: el24kz