Қазақстанда әскери техника шығаратын бірнеше кәсіпорын ашылады

Ресми мәліметке сәйкес, биыл қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар бірқатар перспективалық жобаланы іске асыруды жоспарлап отыр. Олар:
"№ 405 авиажөндеу зауыты" АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру;
"Қазақстандық авиациялық индустрия" ЖШС кәсіпорнында Airbus ұшақтарына қызмет көрсететін сервис орталығын құру;
"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру;
"Тыныс" АҚ, "Алма МҮ" ЖШС, "Милитарм" ЖШС кәсіпорындарында радиациялық және химиялық қорғау құралдары өндірісін ашу;
"Семей инжиниринг" АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту;
"Steelmanufacturing" ЖШС автоматты оқ-дәрілер өндіру:
"Қазақстан Парамаунт инжиниринг" ЖШС-де "Барыс 8х8" сауытты дөңгелекті машиналар өндірісін бастау;"Тыныс"АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісін іске қосу.
"Отандық қорғаныс өнеркәсібінің басты міндеттерінің бірі – кәсіпорындардың технологиялық инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін дамыту. Бұл еліміздің Қарулы күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қазіргі заманға сай қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз ету міндетін орындауға мүмкіндік береді", - дейді министрлік мамандары.