«Қазақстан халқына» қорына тағы 40,8 млрд теңге түс
2022 жылдың 16 қаңтары мен 28 қаңтары аралығында қор шоттарына барлығы 93,3 млрд теңге аударылды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Болжамдық есептерге сәйкес, қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде қаражат жинақтайды. Алдын ала есептеулер шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат алуды көздемейді.
28 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоры шоттарына қаражат аударғандар:
«ERG КӨМЕК» корпоративті қоры – 30 млрд теңге;
«Халық» қайырымдылық қоры - 10 млрд теңге;
Сулейменов Диас Тулеутаевич – 450 млн теңге;
«Банк Центр Кредит» АҚ - 200 млн теңге;
«Көліктік сервис орталығы» АҚ - 150 млн теңге.
Қор басшылығы алынған барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді.
«Қазақстан халқына» ҚҚ шотына қайырымдылықты келесі деректемелердің бірі бойынша жүргізуге болады:
- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;
- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ;
- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ0896503F0010863168 KZT, «ForteBank» АҚ;
- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ34821AGLBY10000001 KZT, «Bank RBK» АҚ;
- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ66998BTB0001436729 KZT, «First Heartland Jusan Bank» АҚ;
- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ078562203115118091 KZT, «Банк ЦентрКредит» АҚ;
- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999,Кбе 18, KZ6594805KZT22034070 KZT, «Евразийский банк» АҚ.