Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас балаларды азғындық жолға түсірудің алдын алу мәселесі талқыланды

Жас балаларды азғындық жолға түсірудің алдын алу мәселесі талқыланды

Қазалы аудандық сотында "Жас балаларды азғындық жолға түсірудің алдын алу" тақырыбында жиын болып өтті. Іс-шараға Қазалы аудандық сотының тергеу судьясы М.Оспанов, аудан әкімінің орынбасары А.Жарылқағанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Темірбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Қалиев, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында судья М.Оспанов ауданымызда кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылық қылмыстарының орын алуы алаңдаушылық тудыратынын, статистикалық мәліметтерге сәйкес өткен жылы кәмелетке толмағандарға қатысты 2 жыныстық қол сұғушылық қылмыстары жасалғанын, биылдың өзінде 1 қылмыс тіркеліп отырғандығын, ата-аналардың балаларымен қарым-қатынастарына тұрақты бақылау жүргізіп отыруы қажеттілігін жеткізді.
Қатысушылар жыныстық қол сұғушылық қылмыстарының алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде ай сайын оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен құқықтық түсіндіру жұмыстарын өткізуге, осы мәселені аудан әкімдігінің мәжілісінің күн тәртібіне енгізіп, кеңінен талқылап, іс-шаралар жасауға келісті.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
04 сәуір 2018 ж. 2 556 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031