Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжің Олимпиадасында COVID-19 жұқтыру дерегі анықталды

Бейжің Олимпиадасында COVID-19 жұқтыру дерегі анықталды

Бейжің Олимпиадасын ұйымдастырушылар Қытайға 4-22 қаңтар аралығында келген 2586 адамның арасынан COVID-19 жұқтырған 72 жағдайды растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, расталған жағдайлардың 39-ы әуежайда тест тапсырған кезде, ал 33-і "жабық шеңбер" ішінде, яғни ойындарға қатысушыларға арналған коронавирус таралуын болдырмау үшін жасалған орында анықталған.
Жабық орындағы қатысушылар күн сайын тест тапсырады. 4-22 қаңтар аралығында 336 421 ПТР-тест тапсырылған.
Осы аралықта келген 171 спортшы мен команданың ресми тұлғалары арасында COVID-19 дерегі анықталмағаны айтылды.
Бейжің-2022 медициналық сараптама тобының төрағасы Брайан Макклоски көрсеткіштер былтыр жаздағы Токиода өткен ойындарға, болжамдарға сәйкес келетінін айтты.
"Біз жабық жағдайда ешқандай дерек тіркелмейтіндей нәтижеге қол жеткізуді мақсат тұтпадық", - деді ол.
Агенттік ақпаратына сәйкес, ойындардың барлық қатысушысы Қытайға ұшқаннан кейін 96 сағат ішінде ПТР тестінің екі теріс нәтижесін алуы керек және көпшілігі арнайы ұйымдастырылған чартерлік рейстермен келуі қажет.
24 қаңтар 2022 ж. 362 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031