Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңажылдық атмосфера сыйлайтын үздік фильмдер

Жаңажылдық атмосфера сыйлайтын үздік фильмдер

 Жаңа жыл жақындағанда бәріміздің күтетін өз фильмдеріміз бар. Әсіресе, «Үйде жалғыз қалғанда» (Один дома) көпшіліктің сүйіктісіне айналған Kyzylorda-news.kz.
Ал біз одан басқа да жаңажылдық атмосфера сыйлайтын үздік фильмдер тізімін ұсынамыз.
Рождествоға арналған сарай (Замок к Рождеству), 2021 жыл
Netflix-тің жаңа фильмі. Жаңажылдық ескі фильмдердің барлығын көріп болсаңыз, осы туындыға көшсеңіз болады.
Қар жауа берсін (Пусть идёт снег), 2019 жыл
Жастар туралы фильм. Әркімнің өз өмірі, мәселесі бар. Алайда оларды бір нәрсе біріктіреді – достық!
Жалғыз Санта Клаус ханыммен кездескісі келеді (Одинокий Санта желает познакомиться с миссис Клаус), 2004 жыл
Бет Эндрюс махаббат пен ғажайыпқа деген сенімін жоғалтқан жалғызбасты ана. Ал оның ұлы Рождествоға сыйлық ретінде жаңа әке сұрайды.
Отбасылық ұрлық (Семейное ограбление), 2017 жыл
Жан Реноны басты рөлде көргіңіз келсе, бұл фильмді қарауыңыз тиіс. Рождестволық болмаса да, ғажайып қыс пен таулар әдемі әсер берері сөзсіз. Куршевелдің таңғажайып пейзаждары көруге тұрарлық.
Мерекелік күнтізбе (Праздничный календарь), 2018 жыл
Netflix-тен басқа жаңажылдық жинақтардан таба алмайтын тағы бір фильм.
Рождестволық демалыс (Рождественские каникулы), 1989 жыл
Рождество туралы отбасылық фильм. Рождестволық фильмдер арасындағы классика саналады.
Рождестволық оқиға (Рождественская история), 2009 жыл
Мистер Скрудж – бүкіл өмірін байлық жинауға арнаған қаржыгер. Ол ақшадан басқаның бәрін, соның ішінде достықты, махаббатты және Рождество мерекелерін жек көреді.
34-ші көшедегі ғажайып (Чудо на 34-й улице), 1989 жыл
Балалар ғажайыптарға шын жүректен сенеді және әрқашан бұл мерекені асыға күтеді. Ал әкесі жоқ алты жасар Сюзан Санта Клаустың сиқыршы екеніне сенбейді.
Рождествоға сыйлық (Подарок на Рождество), 1996 жыл
Арнольд Шварценеггер ойнайтын бұл фильмді көрмесеңіз, экран алдына жайғасыңыз.
Олаф және шытырман оқиға (Олаф и холодное приключение), 2017 жыл
Сүйкімді аққала Олаф пен бұғы Свен туралы тамаша мультфильм.
25 желтоқсан 2021 ж. 246 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930