Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кедергісіз орта – келешек кепілі

Кедергісіз орта – келешек кепілі

Тағдырдың тәлкегіне табандылық танытып, сынағына сынып кетпей, сыр бермей басын тік көтеріп жүрген мүмкіндігі шектеулі батыл да, батыр жандардың жайлы ортада өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалуда. Жаңа заң қолданысқа еніп, азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасап келеді.
Соның бір дәлелі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың 24 қазанында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 12 қазанындағы ҚР Заңы күшіне енгені. Аталған заң жеті жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу бойынша мемлекет көрсететін әлеуметтік көмекті, оның ішінде баланың денсаулық жағдайына, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне және организм функцияларының бұзылуына байланысты мүгедектігі бойынша жәрдем ақыларының мөлшерін саралауды көздейтін норманы регламенттейді.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, №4 мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі басшысы О. Жұмашұлының айтуынша, бұған дейінгі бекітілген заң бойынша да басшылық қажетті шараларды қолдануда.
– Жалпы қазіргі уақытта жауапты мамандар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйырығымен бекітілген қағидаларын басшылыққа ала отырып, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетіп келеді.
Басты мақсат – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Сонымен қатар барлық саланы, соның ішінде дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде көпшілік мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді. Яғни қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау, – дейді ол.
Еске сала кетсек, біз айтып отырған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті «Медицианалық-әлеуметтік сараптама жүргізу қабғидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы №397 бұйрығы жұмыс бабында қолданысқа енгізілген болатын.
Бұл заң аясындағы басты ерекшеліктердің бірі 7 жастан – 16 жасқа дейін мүгедек балаларға тағайындалған мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласында тұратын 7 жастан – 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алған жағдайда тағайындалған арнайы мемлекеттік жәрдемақы мүгедек тобын белгілеу үшін қайта куаландырудан өткенге дейін бұрын тағайындалған мөлшерде сақталады.
Сонымен қатар заңдағы тағы бір түрте отыратын жайт, ол қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын «мүгедек бала» санаты бойынша белгіленген мүгедектік кезеңіне медициналық-әлеуметтік сараптама актісінде бар деректер және тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін бағалау негізінде сырттай шығарылған сараптамалық қорытынды негізінде автоматтандырылған режимде жүргізілетін болады. Одан бөлек О.Жұмашұлы айтып кеткен 2015 жылғы бұйрыққа сәйксе өзгерістер мен толықтырулар министрдің 2021 жылғы 27 қазандағы №397 бұйрығына сәйкес бір рет жүргізіледі.
Айтпақшы, 7 жастан асқан мүгедек балалардың ата-аналары және заңды өкілдері мүгедектік тобын белгілеу мақсатында қайта куаландыру үшін медициналық ұйымдар мен МӘС бөлімдеріне жүгінудің қажеті жоқ.
Есесіне, мүгедек балалардың заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша МӘС аумақтық бөліміне мүгедектік тобының белгіленгенін растау үшін бұрын берілген мүгедектік туралы қолданыстағы анықтамаға тобы туралы «түзету енгізуге» МӘС бөлімінің басшысына жолығуына болады.
Бұдан бөлек шығарылған сырттай шешіммен келіспеген жағдайда, мүгедек баланы ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдағы бекітілген қағидасына сәйкес мүгедектік тобын белгілеу мақсатында заңмен мерзімін есепке жатқыза отырып, 7-16 жасқа дейін мерзімінен бұрын қайта куәландыруға болады. Оған қоса 2021 жылдың 24 қазанынан кейін 7 жасқа толатын, «мүгедек бала» санаты бойынша мүгедектік мерзімі өтпеген мүгедек балаларды қайта куаландыру МӘС қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Осы мәселе төңірегінде ауданаралық ауруханаға қарасты орталық емхананың психиатр-наркологы, осы салада 25 жыл тер төккен білікті дәрігер Бақтыбай Тілеуімбетовпен жолықтық. Ал бұл азамат аудандағы жалғыз психиатр-нарколог. Ол соңғы бекітілген заңның бала мүгедектігіне пайдалы әсері бар екенін айтады.
– Негізінен психиатрия саласында ауданда қазір 881 науқас бар. Оған бала, жасөспірім, ересек барлығы кіреді. Бұлардың көпшілігі екі мезгілде диспансерлік бақылаудан өтеді. Келетіндерді емханада қабылдап, оған мұршасы жетпейтіндерді өзіміз аралаймыз. Егер шағымы болса, оған көмек береміз. Сосын науқасына байланысты тегін дәрі-дәрмек босатамыз. Осы жандардың арасында мүгедек адамдар бар. Ересектері науқасына қарай үш топқа бөлінсе, балалар, бала кезден мүгедек болып бөлінеді.
Біздің айтқымыз келіп отырғаны, бала кезден мүгедектігі барларға да соңғы заңға сәйкес топ тағайындалып жатыр. Яғни бұрын бала мүгедектігі 16 жасқа дейін болса, қазір 7 жастан бастау алуда. Сосын соған сәйкес тобы анықталады. Оның өзі диагноз қою арқылы, бөлінеді, – дейді білікті маман.
Мұндағы ісіне тиянақты ақ халаттылар жылына бір мәрте тізімдегі жандарды тексеруден өткізіп, хәлін біліп отырады. Яғни, қабылдауға шақырып, қажет болса үйіне дейін барады. Жағдайын сұрап, кеңес береді.
Әлемдік медицина мүгедек балалардың құлан-таза айығып кетпесе де, оларды ортаға бейімдеуге, белгілі бір дәрежеде білім алуға болатынын алға тартады. Ал ол үшін осындай жандарға қолдау көрсетіп, ұдайы қарауында ұстап отырған ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерекше.

А.БАҚЫТҰЛЫ
16 желтоқсан 2021 ж. 455 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 17

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 16

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 17

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 14

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031