Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт түлікті есепке алатын мобильді қосымша әзірленуде

Төрт түлікті есепке алатын мобильді қосымша әзірленуде

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария саласын цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz
Министрдің айтуынша, ветеринария саласында кемшіліктер аз емес. Ауылдарда ветеринария қызметі тиісті деңгейде дамымай отыр.
«Бұл салаға цифрландыру әлі де болса жетпеген, мамандар қағазбасты жұмыстан арылмаған. Сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасында өкілеттіктердің аражігін толық ажырату қажет. Мал дәрігерлерінің жалақысы өте төмен», деді Қарашөкеев сенаттағы үкімет сағатында.
Осыған байланысты министр ветеринариялық қызметтер нарығын дамыту, мал дәрігерлерінің жалақысын көтеріп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды жоспарлап отыр.
Оның айтуынша, әсіресе цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қажетті қаражат бөлінген.
«Қазіргі уақытта мобильдік қосымшасы бар «Мал дерек» бағдарламалық өнімі әзірленуде. Ол ветеринариялық құжаттаманың негізгі бөлігін цифрлық форматқа ауыстырып, мамандарды қағазбастылықтан босатуға және жануарларды есепке алудың бүкіл процесін автоматтандыруға, эпизоотиялық ахуалды және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік береді», деді Қарашөкеев.
03 желтоқсан 2021 ж. 385 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930