Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау жеңілдетілді

Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау жеңілдетілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау» және «Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау» проактивті қызметтерін алуды жеңілдетті, деп хабарлайды egemen.kz
Енді бұл қызметтердің көрсетілгенін растау үшін 1 SMS-хабарлама жеткілікті. Бұрын жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу процесі екі SMS-хабарламаны қамтитын: проактивті сипатта мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келісім беру және пайдаланушы төлем немесе жәрдемақы алғысы келген банктік шоттың 20 таңбалы IBAN нөмірін жіберу. Енді қызмет көрсету банкін таңдауды растау мемлекеттік қызмет көрсетуге автоматты келісім болып табылады.
Еңбек министрлігі тұрақты негізде ағымдағы электрондық процестерді жақсарту және қызмет көрсетудің қағаз нысандарын электрондық және проактивті сипаттарға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мемлекеттік қызметтердің жаңа өзгертілген сипаттағы реинжинирингі шеңберінде мынадай проактивті қызметтер іске қосылды: «Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау», «Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау», «Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау» және «Асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау».


11 қараша 2021 ж. 818 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 157

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 140

Талантымен топ жарғандар

07 наурыз 2026 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031