Жұмысынан айырылған 78 мың адам МӘСҚ-дан төлем алған
Қазақстанда жұмысынан айырылған шамамен 78 мың адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алған, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 1 тамыздағы ақпаратқа сәйкес жұмысынан айырылған 77,9 мың адамға МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем аударылған. Оның ішінде биыл 52 мың адам төлемді алғаш рет тағайындалған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер 1-6 айға дейін әлеуметтік төлем алуға мүмкіндігі бар. Төлем жоғалған кірістің 40% дейін мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүргізіледі. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкер: - eGov.kz порталында авторизациялану; - «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; - онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; - бір күнде тұрғылықты жердегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады; - жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат алу үшін хабарласуы мүмкін); Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. «Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпарат жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады», - деп жазылған хабарламада.