Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрткүл дүние тұтқасы – Түркістан

Төрткүл дүние тұтқасы – Түркістан

Ардагерлер үйіне баратын үлкен қақпаның алдына «Ардагерлер» деген жазуы бар автокөлігі келіп тоқтады да, қауқылдасып тұрған қарттар көлікке жайғасты. Қазалының самаладай жарқыраған көшелерін артқа тастап, түн түнегін жарған көлік төрткүл дүние тұтқасы Түркістан қаласын бетке алды. Бұл сапар – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудан әкімдігінің жаңарған шаһарға саяхаттау мақсатында ардагерлерге демеушілік еткен жетінші көші.
Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбановтың айтуынша, аудан әкімінің шешімімен, меценат азаматтардың қолдауымен ауданның жүз ардагерін киелі жерлерді зияраттауға қажетті қаржы бөлінген. Мүмкіндігінше ауданның барлық салаларындағы, ауылдағы ардагерлерді де қамту көзделген. Кезекпен он ардагерден сапарға шығуға он көш жоспарланған. Барып қайту да, қажеттіліктер де тегін. Осылайша ұлы тұлғалардың мекені болған Қожа Ахмет Яссауи кешеніне зияраттап, аңызға айналған «тай қазанға» тәу етіп қайтуға жағдай жасалды.
Түркістанға 120 шақырым қалғанда бір сағаттай дем алып қайта жолға түскен сапарластар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанына барғанда сағат сегіз жарымды көрсетіп тұрды. Жанат қызымызды жол бастаушы етіп, асықпай аралауға кірістік.
Алдымен ұлы бабалар мекені болған мешіт пен «Тайқазанды» тәу етуден бастадық. Сақтық шараларын сақтай отыра Құран бағыштап, мәңгілік мекендегі хандар мен ұлылардың жатқан жеріне мінәжат еттік. Ежелгі монша мен қылуетті көбіміз бұрын көргенбіз.
Ал қалпына келтірілген қорғанды аралағанда өткен ғасыр елесі көз алдымызда тұрды. Бұрын елсіз дала болып жататын қорғанның сырты адам танымастай өзгерген. Тастан қашалған ойсылқара мен ботасының мүсінін қызықтай отырып, әріректен көрінген субұрқақты бетке алдық. Айналадағы неше түрлі ағаш, көздің жауын алатын түрлі гүлмен көмкерілген аллея, жаңа үлгіде, көне ғасырлық сипатта салынған ғимарат пен субұрқақтар ерекше көз тартады. Әсіресе, қазақ даласының киелі өсімдігі сексеуілдің томарымен көмкерілген алтын шар іспетті ғимараты өзіме қатты әсер етті. Халық аузында жүрген Түркістан – Венециясын да көрдік. Қатты ұнағаны – дауыс күшейткіштер сол аумақты қазақтың әні мен күйіне бөлеп тұрды. Тек ғимараттар атауының көпшілігі өзге тілде жазылғаны көңілге кірбің ұялатады. Келген туристерге қайда жүргенін білдіру үшін де ғимараттар атауы, жарнамалар бірінші қазақ тілінде жазылса, жанына шет тіліндегі жазбалар ілінсе жарасар еді.
Асықпай аралап болған соң, осындай мүмкіндік жасаған аудан әкімшілігіне, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айта жүріп, Қазалыға бет алдық.
Жол бойы бәрі де алған әсерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Еркін Өмірзақов ғана қасиетті қазанның қара түсті болып тұрғанын көргенде, көңілі құлазып, қазақтың қазанды «қарақазан» деп қастерлейтінін білсе де, алтындай жарқырап тұрғанын көрсем-ау деп келгенін айтты. Солақай заманның «тайқазанның» қасиетіне жасаған қиянаты еріксіз есімізге түсіп, қазақтың белді азаматтарының жанкештілікпен елге оралтқанын еске алдық.
Осындай таңғажайып сапарға себепші болған жомарт жанды азаматтарға ақ батасын берген, көңіл сергітіп, бой жазып, әулие мекеннің жаңарған келбетіне сүйсініп қайтқан ардагерлер ерекше сезіммен елге оралды.

Құдайберген ЕСЕКЕЙ,
Қазалы-Түркістан-Қазалы
30 қазан 2021 ж. 634 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 59

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 59

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 49

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031