Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жайылымдыққа су жіберу жолдары қарастырылуда

Жайылымдыққа су жіберу жолдары қарастырылуда

Биыл қуаңшылыққа байланысты мал жайылымдылық жерлердің азайғаны белгілі. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруаларға көп қиыншылықтар алып келді. Келесі жылы бұл мәселені болдырмау жолдары осы кезден бастап ойластырылуда.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентінің аумағындағы Басықара каналының басында тиісті сала басшыларымен кездесті.
Кездесуде Қарақұм беткейдегі "Құмкөл" көлі аумағындағы шабындық жерлерге су жіберу мәселесі талқыланды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бұл аумаққа Басықара каналы арқылы су жіберу үшін көлге қарай баратын каналдың арнасын тазалауды және шлюздерді жөндеуді тапсырды.


Қазіргі таңда Бабахан Тайманов басшылық жасайтын "Қазсушар" мекемесінің Қазалы ауданындағы өндірістік бөлімшесі каналдарды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай жұмыстың бірі "Басықара" каналының бойында жүріп жатыр. Көпір басында бұл жұмыстар туралы Бабахан Тайманов айтып берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
29 қыркүйек 2021 ж. 677 0

Тазалық пен тағзым

21 сәуір 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930