Маман неге телефонды жиі ауыстырмау керектігін айтты
Көбінесе телефон екі жылда бір рет ауыстырылады. Бұл уақытта құрылғының техникалық жағдайы әлі де жақсы күйде болады.
Көптеген адам телефоны сынғанда емес, жаңа моделі шыққанда ауыстырады. Алайда бұл жақсы стратегия емес, әсіресе, ақша жетпесе қиын. Бұл туралы Telecom daily ақпараттық-сараптамалық агенттігінің директоры Денис Кусков айтты, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Егер телефоныңыз кейбір қосымшаларды жүктей алмай, батереясы тез таусылып, экран күңгірт болып кетсе, смартфонды ауыстырған дұрыс», – деді маман.
Ал смартфон жұмысына шағым болмаса, басқасын алуға асықпаған жөн. Негізінен, телефон екі жылда бір рет ауыстырылады. Бұл уақытта құрылғының техникалық жағдайы әлі де жақсы күйде болады.
Сондықтан маман телефонды осыншалықты жиі алмастырмауға кеңес берді. Бұл ақша үнемдеуге де жақсы. Өйткені адамдардың дені телефоны ескіргендіктен емес, жаңа түрін қолданғысы келгендіктен ауыстырады, деп түйіндеді ол сөзін.