Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кешенді жоспар әзірленеді

Кешенді жоспар әзірленеді

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласындағы өзекті мәселелер бойынша арнайы жиын өткізді. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев пен басқарма басшылары және онлайн режимде аудан әкімдері қатысты.
Экология мәселесіне жеткілікті деңгейде мән беру Президент Жолдауында нақты айтылған. Бұл ретте аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне 2030 жылға қарай республикалық «Жасыл экономика» тұжырымдамасына сәйкес қалдықтарды өңдеу үлесі 40%, қоқыс шығару қызметімен қамтамасыз ету 100%, экологиялық және санитарлық талапқа сай келетін полигондар санын 95%-ға жеткізу керектігін айтты.
– Қазіргі таңда облыста қалдықтарды өңдеу 19%, қоқыс шығару қызметімен қамтамасыз ету 71%, экологиялық және санитарлық талапқа сай келетін полигондар көлемі 5% ғана құрап отыр. Әрине, бұл – төмен көрсеткіш. Жұмыстарды ұйымдастыру – қала және аудан әкімдерінің тікелей міндеттері. Жұмысты жүйелі атқаруларыңыз қажет, – деді аймақ  басшысы.
Отырыста облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын полигондардың жағдайы бойынша ахуалды таразылап берді. Бауыржан Серікұлы «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес облысымызда қалдықтарды басқару жүйесі 3 негізгі нысаналы индикатор бойынша іске асатынын айтты.
Бүгінде облыс аумағында түрлі қалдықтарды тасымалдау, жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 41 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Ал Қызылорда қаласындағы «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС жаяу жүргіншілер жолына арналған төсеніштер жасап шығаруда. Бұған қоса, «Smart Rubber» (Смарт Раббер) ЖШС автокөліктердің жарамсыз дөңгелектерінен резеңке ұнтақтары мен тамшылатып суаруға арналған түтіктер  өндіруде. Облыс орталығында «Қызылорда Қағазы», «ДаЖаЕр» ЖШС, «Август», «Аймырзаев», «Аян» жеке кәсіпкерлік субъектілері макалатура, картон, пластмасса, пластик қалдықтарын сұрыптап, жинақтауды жүзеге асыруда.
– Облыста 145 полигон болса, оның 7-уі немесе 4,82% экологиялық талаптарға сәйкес келеді. Республикада орташа көрсеткіш 17,6% құрайды. Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарында экологиялық талаптарға сәйкес келетін полигон жоқ. 2015-2018 жылдар аралығында полигон алаңдары үшін 145 елді мекенде барлығы 402 гектар жер учаскелері белгіленді. Соңғы 3 жылда 1,4 млрд теңгеге жаңадан 2 полигон құрылысы жүргізілсе, 650 млн теңгесі жеке инвестордың қаржысы есебінен жүзеге асты, – деді Б.Шәменов.
Экологиялық бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруда стихиялық қоқыс орындарын анықтап, жедел әрекет ету үшін жергілікті тұрғындарға арналған «WhatsApp» мессенджеріндегі «Эко-патруль Қызылорда» жобасы тиімді нәтижесін беруде. Мәселен, жыл басынан (9 айда) 67 хабарлама түсіп, стихиялық қоқыс орындары анықталып, оларды жою бойынша жергілікті әкімдіктер жедел шара қабылдаған.
Отырыста құрылыс қалдықтарын заңсыз тасымалдайтындарды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту мәселелері қаралды. Бұл ретте облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов жыл басынан бері заңсыз құрылыс қалдықтарын тасымалдаудың 1834 дерегі анықталғанын айтты.
Аймақ басшысы қала мен аудан әкімдеріне мұндай заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажеттігін еске салды. Сондай-ақ, қала әкіміне Белкөл кентіндегі полигонда қалдықтардың өртенуі, одан шығатын жағымсыз иіске тұрғындардың жиі шағымданатынын атап өтіп,  мәселені шешуді тапсырды.
Жиында Гүлшара Әбдіқалықова қоқыс қалдықтарын жинайтын полигондардың жағдайына жеке-жеке тоқталып, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Бес жылдық кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеп, «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының индикаторларына қол жеткізуді, экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын қалпына келтіру қажеттігін қаперге салды. Сондай-ақ, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарының әкімдеріне белгіленген тәртіппен полигонның және сұрыптау кешенінің жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуді міндеттеді. Отырыста айтылған тапсырмалардың орындалуын үйлестіруді орынбасары Бақыт Жахановқа жүктеді.
Айта кетейік, облыс әкімі апта басында Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандардың жұмысын саралап, Белкөл кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын кешен қызметін көріп, қала тазалығын сақтау мәселесін ерекше тапсырған болатын.

25 қыркүйек 2021 ж. 344 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031