Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі ашық болуға тиіс – Президент

Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі ашық болуға тиіс – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес жылда субсидияларға бөлінген 2 трлн теңгенің жартысының талан-таражға түсіп кеткенін мәлім етті. Оның айтуынша, субсидияларды тиімді жоспарлау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Біздің аграрлық саясатымызда сабақтастық болмай тұр. Министр ауысса болды – саланың саясаты да өзгереді. Мұндай жағдайда шаруаларға адал жұмысты жоспарлау қиынға түседі. Бірыңғай негізгі бағыт болуы қажет. Соған сәйкес, субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру керек. Келесі мәселесі, соңғы 5 жылдың өзінде субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланысты болып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Нормативтік негізін нығайтып, тиімді жоспарлау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу қажет. Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуы тиіс. Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында. Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.


01 қыркүйек 2021 ж. 365 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 183

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 169

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 162

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930