Бей-жай қарауға болмайды – әлсіз иммунитеттің алты белгісі
Біздің ағзада бәрі бір-бірімен байланысты. Сондықтан терапевт пен иммунологқа қаралып, кешенді тексеруден өту маңызды.Иммунореабилитация және превентивтік медицина клиникалар желісінің ғылыми жетекшісі Ольга Шуппо "Доктор Питер" порталына әлсіз иммунитет белгілерін атады.
Біздің ағзада бәрі бір-бірімен байланысты. Құрғақ шаш, белдегі артық сантиметр - сусабынды ауыстырып, диета ұстану керек деген сөз емес. Терапевт немесе иммунологқа қаралып, кешенді тексерістен өту керек.
Үнемі шаршаңқы болады
Көптеген адам ояна сала шаршап тұрады. Бұл созылмалы шаршаңқылық синдромы. Күйзелістен кейін жүйке жүйесінің қалпына келуіне жауап беретін бүйрек безі балансы сақталмағанын білдіреді. Үнемі жүйесі жұқарып жүретін адамдарда бүйрек безі әлісірейді. Өйткені олар үнемі стресс гормонын бөлуге тиіс болады. Сондықтан жүрек қағысы жиілеп, қантамыр тарылып, ас қорыту жүйесіне зияны тиеді.Қарын шыға бастайды
Адам арық болғанына қарамастан, қарны шығуы мүмкін. Артық салмақ жоқ, алайда дене мүсіні өзгереді. Себебі май іште жинала бастайды. Бұл күйзеліс пен қанда кортизол деңгейі мөлшерден артық болуының салдары.Есте сақтау қабілеті нашарлайды
Иммунитет әлсіреген кезде есте сақтау қабілеті нашарлайды. Бұған қалқанша безі дисфункциясы мен созылмалы стресс себеп болуы мүмкін.
Ұшық жиі шығады
Ұшық ерінде немесе жыныс мүшесінде пайда болады. Нормадаға ағза созылмалы ішкі инфекцияны баса алады. Алайда иммунитет әлсіз болса, вирус қайта-қайта пайда болады. Ұшық ай сайын шығуы мүмкін. Жылына 3-4 рет шықса, жиі деп есептеледі. Аллергия реакциясы
Аллергендерге тойтарыс бере алмау да, иммунитет әлсірегенін аңғартады. "Иммун жүйесі дүрбелеңі" деген термин бар. Бұл жағдайда ағза вирус бактерияларына қалай жауап берерін білмей қалады. Сондықтан аллергия байқалады.
Шаш түседі
Бұл қалқанша безі гипотиреозының белгісі. Шынтақ терісі құрғап, шаш түсе бастайды.