Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кім көп жалақы алады?

Қазақстанда кім көп жалақы алады?

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы Қазақстанда бакалавриат түлектерінің арасындағы ең жоғары жалақы алатын мамандар туралы хабарлады.
Орталықтың дерегінше, ең жоғары жалақыны «5В074300 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану» бағытын бітірген түлектер алады. Яғни, 1 миллион теңгеден астам.
Содан кейін орында «5B070800 Мұнай-газ ісі» (338,4 мың теңге), «5В071500 Теңіз техникасы және технологиялары» (298,7 мың), «5B070700 Тау-кен ісі» (276,1 мың), «5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» (257,4 мың), «5B100200 Ақпараттық технологиялар жүйесі» (268,5 мың) мамандықтары бар.

Магистрлер арасында ең жоғары жалақыны «6М052000 Іскерлік әкімшілікті» (614,8 мың теңге) тәмамдағандар алады.
Сондай-ақ, «6М051400 Қоғаммен байланыс» (500,7 мың теңге), «6М070700 Тау-кен ісі» (391,6 мың), «6М070800 Мұнай-газ ісі» (386 мың теңге), «6M070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (374,7 мың теңге) мамандары алады.

Бұған дейін келер жылы ең төменгі жалақы мөлшері көбейетінін жазған болатынбыз.
20 қыркүйек 2021 ж. 196 0

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 75

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 78

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 71

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 72

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 99

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031