Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруалар мемлекеттен қандай қолдау көріп жүр

Шаруалар мемлекеттен қандай қолдау көріп жүр

Шаруалар мемлекет қолдауынсыз қалмайды. Ауыл шаруашылығына жауапты ведомствоның мәліметінше, көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуде фермерлерге қаржы жеткілікті бөлініп жүр.
  Ал азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырады. Ведомство минералды тыңайтқыш, тұқым, пестицид сатып алған шаруаларға субсидия береді. Сондай-ақ суармалы жерге жұмсалатын су шығынының бір бөлігін өтейді. «Инвестициялық субсидия бағдарламасы аясында техника сатып алған, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу объектілерін құрған, жылыжайлар мен өсімдік бақтарын салған, суару жүйелерін құрған әрі кеңейткен және тағы басқа да іргелі істерді қолған фермерлер шығындарының бір бөлігі өтеледі», – деп жазылған хабарламада. Егін жинау жұмыстарын уақытылы атқару үшін фермерлерге 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген. «2021 жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 247,5 мың тонна (62%) жеткізілді. Мұнай өңдеу зауытындағы отынның литрі 156 теңге (тоннасы 189,0 мың теңге), операторлардың жеткізу қызметінің құнын қоса есептегенде де дизель отынының өңірлердегі орташа бағасы қымбат емес. Шаруалар дизель отынының бір литрін 177 теңгеден алады», – дейді ведомстводан. Айта кетсек, дәл қазір шаруалар қарбалас үстінде, астық жинау науқаны қызып жатыр. Министрліктің мәліметінше, бүгінде 13 млн тонна жиналған. «Республикада сыйымдылығы 28,8 млн тонна астық сақтайтын мүмкіндік бар. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12 млн тонна, фермерлерде 16,8 млн тонна астық сақтайтын орын бар», – деп жазылған хабарламада.
17 қыркүйек 2021 ж. 403 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930