Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан халқы қашан 20 млн-ға жетеді

Қазақстан халқы қашан 20 млн-ға жетеді

Бес жылдан кейін ел халқы 20 млн адамға жетеді, деп хабарлайды LS.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры Александра Молчановскаяның айтуынша, халықтың орташа жылдық саны 2025 жылы 20 млн адам деңгейіне жетеді деп (19 029,5 – 2021 жылы) болжанады.
"Бұл ретте өңірлік диспропорция күшейеді, яғни 2030 жылға қарай халықтың 59%-ы оңтүстік өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда тұратын болады", – деді ол.
Сонымен қатар, 2025 жылға қарай жұмыс күшінің саны 9,4 млн адамға дейін артады.
"Қандай мамандар сұранысқа ие болады деген сұраққа жауап беру үшін кейбір цифрларды келтірейін. Біз 2021 жылы 1 млн-нан астам бос жұмыс орны пайда болады деп болжап отырмыз. Біліктілігі жоқ жұмысшыларға да үлкен сұраныс сақталмақ. Олардың саны 300 мыңға жуық. Осы мамандықтар бойынша кадрлардың жоғары қажеттілігі байқалуымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан де үнемі  сұраныс бар",  – деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, құрылыс және өнеркәсіп саласында 180 мыңға жуық бос жұмыс орны және жоғары білікті мамандар бойынша 175 мың бос жұмыс орны болады деп күтілуде.
Ең көп сұраныс Қостанай, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болмақ.
"Жалдамалы еңбекке арналған орта мерзімді болжамға келетін болсақ, бес жыл ішінде ол 1 млн адамды құрайды. Және көбінесе білім беру, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларында қалыптасатын болады", – деп нақтылады Молчановская.
Білім беру саласындағы мамандар, сондай-ақ, жылжымалы жабдықтың жүргізуші-операторлары сұранысқа ие болады, деп түйіндеді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық жастар болашақта табыстарының бір бөлігін жоғалтып, жақсы жұмыс табу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ, қазір Қазақстанда статистикалық және тіркелген жұмыссыздық арасындағы алшақтық шамамен 50%-ға жеткені белгілі.


17 қыркүйек 2021 ж. 244 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930