Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі

Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі

I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі. Бұл туралы сенаттың жалпы отырысының бірінші оқылымында  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді. 
Министр айтуынша, құжатта мүгедектіктің себебіне қарамастан I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға берілетін жәрдемақыны енгізу қарастырылған.
– Қазіргі уақытта I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметтерімен де қамтамасыз етілмеген. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде сыртқы қамқорлыққа мұқтаж 24 мың адам күтім бойынша жәрдемақымен қосымша қамтылады, – деді ол. 
Сондай-ақ  мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылады. Бұл  30 мыңнан астам мүгедектігі бар балаға қатысты.
– Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Осы норма енгізілген жағдайда 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қатар (мөлшері 41 163 тен 48 023 теңгеге дейін) асыраушысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алады (мөлшері 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін), –  деп түсіндірді Серік Шәпкенов.
Сонымен қатар, министр мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұратынын атап өтті.
Егер баланың 18 жасқа толғанға дейін баспанасы болмаса, онда мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді. 
Бұл заң жобасы 55 млрд теңге сомасына қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілді. Шығын нормалары 2021-2023 жылдарға бөлінген қаражат шеңберінде іске асырылады. 
16 қыркүйек 2021 ж. 597 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 138

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 153

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 153

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031