Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстаннан эвакуацияланған қазақтар бес облыстың бірін таңдай алады

Ауғанстаннан эвакуацияланған қазақтар бес облыстың бірін таңдай алады

Өткен аптада Ауғанстаннан эвакуацияланған 35 қазақ бес облыстың бірінде қоныстана алады. Бұлар: Павлодар, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл туралы Informburo сайты жазды.
Ақпаратқа қарағанда, Ауғанстаннан келген әрбір отбасына 204 мың теңгеден беріледі. Бұған қоса, бір жыл бойы ай сайын баспана жалдауға 87 мың 500 теңге қаржылай көмек көрсетіледі.
Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлының айтуынша, жоғарыда аталған жеңілдіктер Ауғанстан қазақтары аталған облыстарға қоныстанса ғана беріледі. 
Бұған дейін олардың Алматыдағы қонақ үйлердің біріне орналасқаны хабарланған еді. Олар мұнда 24 қыркүйекке дейін болады. Соған дейін олар қай өңірге барып қоныстанатынын шешуі тиіс.
Билік дипломы барларына мамандығы бойынша жұмысқа тұруына көмектесетінін, білімі жоқтарды арнайы курста оқытуды жоспарлап отырғанын айтады.
"Барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір министрлік тарапынан қай жерге ол кісілерді тұрақтандыратыны туралы жұмыс жүргізіліп жатыр" деді Данияр Әлкебайұлы.
9 қыркүйекте Қазақстан билігі Ауғанстаннан 35 қазақты Атамекеніне ұшақпен жеткізгенін хабарлаған.
Тәліптер басып алған Ауғанстанда әлі жүздеген қазақ қалған. Олар Қазақстанға көшкісі келетінін айтып, Нұр-Сұлтаннан жәрдем сұрап келеді.
14 қыркүйек 2021 ж. 251 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 124

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031