Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Індеттің тосын соққыларына тойтарыс беруіміз керек

Індеттің тосын соққыларына тойтарыс беруіміз керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа жасаған жолдауында қазіргі қиын кезеңде халықты коронавирусқа қарсы жаппай екпе алуға даярлау туралы тоқталып өтті.
Індеттің алғашқы кезеңдерін өткере алған мемлекеттің денсаулық сақтау саласын алдағы уақыттағы індеттің тосын соққыларына тойтарыс беруге тыңғылықты дайындықтан өткізу керектігі туралы ойын ортаға салды.
Сонымен қатар екпе алудың маңыздылығын жан – жақты түсіндіріп, «Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары шығуы мүмкін. Сарапшылар басқа індеттер пайда болатындығын айтуда. Біз оның қашан болатындығын күтіп қарап отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүруге, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек. Қазір бізге керек вакцинаны сатып алу өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Сонымен бірге бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындаған жөн», - деген Мемлекет басшысы медицина саласына түсетін салмақ ауыр екенін ашып айтты.
Осы орайда Президент тоқталып өткен маңызды мәселелерді аудан деңгейінде шешуге барша әріптестерімді шақырамын.
Медетбаева Айгүл Егізбайқызы
Қазалы ауданаралық ауруханасының
бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары
02 қыркүйек 2021 ж. 630 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031