«ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет» - Тоқаев
Мемлекет басшысы Qazvac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс барын айтты.
ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды.
«Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған адамдарымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтіп жатыр. Біз уақыт жоғалтпай, індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан - коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір Qazvac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Вакцина қоры жеткілікті. Азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр», - дейді Тоқаев.
Алайда, елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көбі айтылды.
«Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде, соның кесірінен қаншама адамды адастыруда. Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Сондықтан екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн. Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойғанын ұмытпауымыз керек. Алдағы уақытта коронавирустың жаңа штамдары шығуы мүмкін. Біз оның қашан болатынын күтіп отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек», - деген Мемлекет басшысы қазір бустерлік вакцинаны сатып алу өте маңызды екеніне тоқталды.