Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

kyzylorda-news.kz. 1 қыркүйекте атмосфералық фронттар Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарына әсер етеді. Соның салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста жел күшейеді.
Оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста – бұршақ, солтүстік-шығыста және орталықта – тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында күн күркіреп, бұршақ жауады. Жел қарқыны – 17-22 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының шығысында күн күркірейді, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл көтеріледі.
Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстік-батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйек 2021 ж. 587 0

Бензин қымбаттады

06 ақпан 2025 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728