Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қызметкерлер үшін барлық аударымдар бірыңғай төлемге біріктіріледі

Қазақстанда қызметкерлер үшін барлық аударымдар бірыңғай төлемге біріктіріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қызметкерлер үшін барлық аударымдарды бірыңғай төлемге біріктіруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда 6,5 миллионнан астам адам –  жалдамалы жұмысшылар. Сондықтан мемлекеттік қолдау қолжетімділігі арттырылуы керек.
“Жалдамалы жұмысшылар үшін негізгі ақша көзі – жалақы. Бұл ретте соңғы 10 жылда еңбекақы төлеу қорының өсуі кәсіпорын иелері пайдасының өсуінен 60%-ға дейін артта қалды. Осыған байланысты Үкімет бизнесте өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға ынталандыру шараларын әзірлеуде. Қызметкерлердің жалақысын көтеретін жұмыс берушілер үшін реттелетін сатып алу шеңберінде жеңілдіктер көзделетін болады. 
Сондай-ақ мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті арттыру керек. Еңбекақы қорына жүктемені неғұрлым түсінікті және қарапайым ету қажет. Бұл, әсіресе микро және шағын кәсіпкерлікке байланысты болмақ. Мұндай бизнес үшін жиынтық жүктемені 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізуді ұсынамын. бұл зейнетақы жүйесінің, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды қатысушысы бола алатын мыңдаған қызметкерді көлеңкеден шығаруға ынталандырады”, – дейді Тоқаев. 
01 қыркүйек 2021 ж. 441 0

Бақытын тапқан өнерден

14 наурыз 2026 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031